Токарьдің соңғы сөзі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Төсектес көрші, ғажайып жанды көрдім мен,
Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген.
Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан,
Аяңталыпты Батыста жатқан Берлиннен.
Қиналып жатыр,өмірді қиып кете алмай,
Көрік кеудесі көтеріледі от алмай!
Бір түйір ет жоқ, аяқ пен қолы сом сүйек,
Станогында өзі өңдеген металдай.
«Қаншама металл қолымнан өтті, балтадым,
Ағыздым нелер ақ бодаттың да ақ қанын.
Мінеки, енді ажалдың сүп-сұр токарі
Қарашы,- дейді,-
Мені кеп жонып жатқанын».
Бір жұтым суын - бір тәулік бойғы қорегі,
Ауа жетпейді-ау, кеудесін сипай береді.
Демі таусылып, әлсіреп бара жатқанда,
Сыбырлап өтер ғазиз жан былай деп еді:
«Кім ұрлап кетті, кім ұрлап кетті ауамды?»
...Бардым да жұмдым ашылып қалған жанарды.
Мен де айтып тұрмын ол беріп кеткен сауалды,
Кім алып келді, жаңағы тірі адамды?


Пікірлер (3)

Дінмұхаммед

ақын болу қыйын
Ақындық жол ауыр жол

Тілмаш

Мұқағали Мақатаевтың Токарьдің соңғы сөзі өлеңі ұнады

Абай

қатесіз жазсаңыздар екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Токарьдің соңғы сөзі өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Токарьдің соңғы сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Токарьдің соңғы сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Токарьдің соңғы сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері