Төрлеңдер, жолдастар! – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Төрлеңдер, жолдастар!» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1388
Ал, кәне, құрмет жұмсап қал,
Қазақы қала, ауылдар,
Кең ашар бізде құшақ бар,
Құшаққа толар бауыр бар!
Келуің қандай сәтті еді,
Ағасы орыс елдің — сен!
Қымыздай көңілің тәтті еді,
Самалдай рахат едің сен!
Өрлеші төрге, алға шық,
Жазылмай құшақ, жабыссын!
Байтақ пен байтақ жалғасып,
Жазық пен жазық
жарыссын.
Ән — дария, жаңбыр — жыр,
Құн — шежіре, таң - бұлбұл
Саған деген қазақтың
Сағынған адал жаны бұл,
Соғылған алақаны бұл!
Достық атты бесікті
Тербетіңдер, жолдастар,
Айқара аштық есікті,
Төрлетіңдер, жолдастар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрлеңдер, жолдастар! өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Төрлеңдер, жолдастар! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрлеңдер, жолдастар! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төрлеңдер, жолдастар! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері