Рақмет, көлеңкем – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Рақмет, көлеңкем» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1377
— Мен келгелі пунктке
Үш сауымы биенің.
Қайда жүрдің күндікке,
Бар ма істер бір емің?? —
Деп Әбдікен ақсақал,
Жетектеді құлынды.
Жымиды да жас Сапар,
Екі жеңін түрінді.
— Кеше әлгі Жұманның
Тебеген көк қасқа аты.
Мүлде мұның тұяғын
Екі бөліп тастапты.
Сайлап құрал-жабдығын
Кірісті ол қол сыбап.
Арасында әлгінің
Дайын болды сом тұяқ.
— Міне, жігіт өнері,
Рақмет, көлеңкем!
Күттіруің көп еді,
Бітіруің тез екен!
Көпке дейін көзін сап,
Дәрігер арттан қарады.
Шал соңында құлыншақ
Желе шауып барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рақмет, көлеңкем өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Рақмет, көлеңкем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рақмет, көлеңкем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рақмет, көлеңкем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері