Жалғыз сөз – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жалғыз сөз» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1842
«Әлденеше жаздым да,
Әлденеше бүктедім.
Жазылған сөз аз мұнда,
Аз болса да көп дедім.
Ауызбен - ақ айтар ем,
Алыс тұрмын өзіңнен.
Қаста болсаң қайтер ем,
Жасқанар ма ем көзіңнен!?
Мұның бәрі кіріспе,
Хат екен деп түсінбе.
Нағыз хаттың сөздері
Келесі бет ішінде»...
«Сүйем» деген сөзді алып,
Жолға шықты көк конверт.
Келе жатты жас үміт
Жермен, кейде көкке өрлеп.
Құрбы хатын сағынған
Қыз ап оқып қарады.
Хат ішінде жазылған
Жалғыз - ақ сөз небәрі.
Жазды жауап қара көз,
Өткеннен соң бір апта.
Айнымаған сол бір сөз,
Кіріспесіз бірақта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз сөз өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері