Аутком ағасы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Аутком ағасы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1265
(Файзулла Жақсылықовқа)

Үйінде болдым біраз күн
Жанымен жарқын туысып.
Оңаша оймен жыр жаздым,
Төңірек толы тыныштық.
Қабақта қажу тұрса да,
Көзінде ойнап көңілді от. —
Келтірмей жатыр мұршаға,
Егінде биыл өнім көп.
Бастықтың үйі, есіңе ал,
Ақынға жақсы кабинет.
Жыр туып жатса несі бар? —
Деп қояды әзілдеп.
Сүйеді қалған сағынып,
Домалақ қара баласын.
Елжіреп сен де, жан ұғып,
Сүйсіне қарап қаласың.
Елеңдер сосын далаға,
Сәлемнен кейін сөз қысқа.
Дала да оған бір бала
Дәметіп тұрған жөн, нұсқа.
Жанына ылғи нәр толып,
Жүретін жеміс әперіп.
Көңілі байтақ қамқорлық,
Жақсы ғой мұндай әкелік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аутком ағасы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Аутком ағасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аутком ағасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аутком ағасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері