Дағыстанның гүлдері – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Дағыстанның гүлдері» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1878
Ел ырысын жинасқан
Егінім мол күндері,
Сенің жаның бір дастан,
Дағыстанның гүлдері.
— Дән жинаумен ауылымда
Дос жинадың қаншама!
Біздің жақсы қауымда
Қажыма да шаршама! —
Дедік біздер. Хош алдың,
Кеттің жасап сен ерлік.
Дос құшақтан босандың,
Махаббатқа бөленіп.
Болдық бірге сайрандаса,
Елім тәтті дәмін сап.
Қолымызда қой жамбас,
Дастарқанда бауырсақ.
Жүрген жері қуаныш,
Абырой алған жарыстан,
Гүл өсірген, мың алғыс,
Саған, саған, Дағыстан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дағыстанның гүлдері өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Дағыстанның гүлдері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дағыстанның гүлдері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дағыстанның гүлдері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері