Түсіме тау кіреді

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған.шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан Сал-күреңі.
Сөйлесуге, менімен сырласуға,
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға,
Енді жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір қыр басында.
Шақырады, отырып қыр басында.
Шыбындаған күреңі тұр қасында.
Тағы жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір шың басында.
Өліп-талып, оған да жетемін де,
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жәйімен,
Ер-тоқымсыз күреңі жетегінде...
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында,
Кеш те келді, айналды түн басуға.
Шың басынан түсе алмай әуреленем,
Бір минутым тең болып бір ғасырға...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді.
Түсінбеймін неғылған тағдыр едің?!
...Тауда жортқан тағыдай алғыр едім,
Алғырлығым қай жақта қалды менің?..


Пікірлер (5)

Jalasheva Asemgul Kenjetaevna

Олендері керемет!Рахмет

Оразгелді Аяжан Есіркепқызы

Керемет !!!рахмет!

Түсіме кала кірді

Тусіме кала кірді

Түсіме кала кірді

Мукагали макатаев

Аяжан

Мықты ақын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсіме тау кіреді өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Түсіме тау кіреді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түсіме тау кіреді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсіме тау кіреді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері