Ақжібекке – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ақжібекке» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1685
Қарағым, қатарыңнан көркем түсің,
Ұнайды көңіліме де қылған ісің.
Құлпырып бәйшешектей түрленесің,
Берген соң лайықтап Құдай пішін.
Жарқын жүз, түлкі тамақ, құралай көз,
Маржандай тізіліп тұр отыз тісің.
Наз бенен қылығыңды көрген кезде,
Елжіреп қорғасындай кетті-ау ішім!
Шайқалып қызыл гүлдей сен тұрғанда,
Менің де басқаменен жоқ жұмысым!
Көңіліңнің бір белгісін білдір маған,
Болмаса көздеп жүрген басқа кісің!

1908


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақжібекке өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақжібекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақжібекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақжібекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері