Жағалауда құба тал – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жағалауда құба тал» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 1
  • 1423
Жағалауда құба тал,
Тал арасы жалбыз ғой.
Суат жаққа құдаша
Келе жатыр, жалғыз ғой...
Ақ балтыры қозғалса,
Ақ көйлегін жел қаққан.
Оң аяғын созғанша
Сол аяғын шаң қапқан.
Қас пен көздің арасы,
Ақшам ба, әлде іңір ме?
Бейсеубет бір, шамасы,
Қонақ бар-ау үйінде.
Жағалауға көз салдым,
Жақындады бойжеткен.
Биыл осы жаз салқын,
Тоңазыдым көйлекшең.
Қадала қарап тұр едім,
Қай жақтан...біреу қабаққа
Қарсыдан шығып қылт етті,
Жүрегім менің бүлк етті...
...Жағаның желі жалбыздың
Жас иісін маған үрлеп тұр.


Пікірлер (1)

Адриана Лима

Бірінші мектепшіліктен өтем сосын барам жарыскаа

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағалауда құба тал өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жағалауда құба тал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағалауда құба тал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағалауда құба тал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар