Айданаға

Бұл бетте «Айданаға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Айналайын балапаным Айданам,
Саусағыңды ақ сәуледей жай, маған.
Аңсап барып сүю үшін өзіңді,
Мазасыз бір жер анадай айналам.
Жылдамдатып тірлігімді жай аққан,
Дүниені келе жатыр бояп таң.
Айдана атың тіл ұшына оралып,
Сенің дауысың сезіміңді оятқан.
Дүние күліп қарайтындай, сен күлсең,
Саған деген сағыныш қой, жол-жүрсем.
Бір-бір үйдің мықтыларын әп сәтте-ақ,
Ұрмай соқпай бағындырып, алдың сен.
Ақ сәулешім, несібеңе не қалды,
(Есіміңді күбірледім таң алды)
Сен арқылы есіме алдым, елжіреп,
Немересін сүймей кеткен анамды...
Әлди-әлди, әй-әй бөпем, ай балам,
Ай-әлемін әсем әуен жайлаған.
Айналаңнан ұзап шығып кете алмай,
Айданамды ана-жердей айналам.
Аман болшы, «тілден көзден» Айданам,
Сен жыласаң қабағыма қайғы алам.
Өлмейтұын өмір атты ағаштың.
Бұтағында бұбұлым боп сайраған.
Әлди, әлди, әй-әй бөпем, ай, балам.
Айданам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айданаға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Айданаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айданаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айданаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері