Ғаламды жаратпас текке – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ғаламды жаратпас текке» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ғаламды жаратпас текке,
Жер бізге, біз Жерге кімбіз?!
Күлімдеп тұратын көкте
Күн деген – жай ғана жұлдыз.

Аспанның ажары дер ме,
Жұлдыздың жанары – шырақ.
Шырақтар тамады жерге
Асығып, адасып, құлап…

Құлау мен құлдырау теңдей,
Көңілің құлазиды аздап.
Сол шырақ жерде де сөнбей
Кеудемде тұрады маздап.

Білмеймін, көктен не көрдім?
Аңырып қараймын Айға.
Серігі емес пе ең Жердің
Селкеусіз сенімім қайда?

Жұлдыздар ілінген зәуге
Күрсініп қарайды бір қыз.
Күн деген – сөнбейтін сәуле,
Күн деген – ең алып жұлдыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғаламды жаратпас текке өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Ғаламды жаратпас текке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғаламды жаратпас текке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғаламды жаратпас текке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері