Назарыңызға қарасам – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Назарыңызға қарасам» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Назарыңызға қарасам,
Нұрына жаным жуынар.
Базарыңызға қарасам,
Тарқамаған шуы бар.
Азабыңызға қарасам,
Арқалаған нуы бар.
Маңдайыңызға қарасам,
Бақ пенен соры алмасқан,
Таңдайыңызға қарасам,
Асыл сөз төккен алмастан.
Аужайыңызға қарасам,
Жақыбай тірлік жалғасқан.
Бишігіңізге қарасам,
Бұрымындай бикештің,
Түйсігіңізге қарасам,
Шыңырау көрген күй кештім,
Сүйсінуіңізге қарасам,
Тартқан жоқ мұндай сыйды ешкім.
Қайратыңызға қарасам,
Қыран қанаттық қомы бар,
Айбатыңызға қарасам,
Жолбарыстай жоны бар,
Тайлы атыңызға қарасам,
Кестелі кежім-тоны бар.
Айтып-айтпай не керек,
Тірі пенде жоқ мені ұғар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Назарыңызға қарасам өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Назарыңызға қарасам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Назарыңызға қарасам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Назарыңызға қарасам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері