Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім? – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім?» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім?
Кеудесінен күндердің кен іздедім.
Есер болған есіме ем іздедім.
Қапас түннен ағарған таң іздедім,
Шабысынан жүйріктің шаң іздедім,
Тоғышарлау тірліктен мән іздедім.
Ордалы оймен сезсем деп отыз демін,
Ойлы жастың көзінен от іздедім.
Жолаушыдай жүдеген жоқ іздедім.
Ажарынан арудың ар іздедім,
Көкірегінен кереңнің ән іздедім.
Айқыш-ұйқыш әжімнен әр іздедім.
Жетімектің жүзінен күлкі іздедім,
Көште қалған күшіктей жұрт іздедім.
Жұмбағы көп дүние, кілт іздедім.
Жеткізсін деп жырымды жел іздедім,
Құтқарам деп ұсынар қол іздедім,
Апаратын жұмаққа жол іздедім.
Бәрін-бәрін әлі де іздеп келем,
Сабылумен қыс пен жаз, күзді өткерем.
Қауышу мен тұрады жоғалтудан,
Баяны жоқ дүние біз беттеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім? өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нені аңсадым, не күттім, нені іздедім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері