Шыбық алып барайыншы қой жаққа

Бұл бетте «Шыбық алып барайыншы қой жаққа» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шыбық алып барайыншы қой жаққа,
Не қалыпты жар астында, ой қап па?
Балалықтан тарқамаған той қап па?
Шыбық алып барайыншы қой жаққа.
Томсырайып жатыр әлі тарғыл тас,
Шығып алып қарайыншы жан-жаққа.
Балалықтан шырқалмаған ән қап па?
Қызыл-жасыл қыр гүлдері қаулап па?
Сол кілемде арманшыл қыз аунап па?
Қара сирақ қалақайға таланып,
Бүлдіргенге басын сұққан баланы ұқ.
Жиде теріп жүргенімде білдім бе,
Бақытымның жатқандығын қаланып.
Топыраққа жазған да мен сан әріп,
Ту алыстан демеп тұрды тау алып.
Бәрі-бәрі бәз-баяғы қалпында,
Заман туып жатқанымен, жаңарып.
Сымтемірден сақина ғып, сырға ғып,
Су-айнаға қарайтынмын ұрланып.
Қырағылық қонақтапты бойыма,
Назар сап ем нысанаға қырды алып.
Көшер өмір, өшер сәуле бір күні,
Көшкен бұлттар кетер деуші ем кімді алып.
Балаң жүзді аптап ыстық күйдірген,
Бір жақта үңгір, бір жағында бүлдірген.
Сұрқы жаман біреу шыға келердей,
Зәрем кетіп қорқатынмын үңгірден.
Ал өмірде одан бетер қорқыныш
Күтіп алда тұратынын кім білген?!
Өзіммен бір мінгізіп ап ойды атқа,
Шыбық алып барайыншы қой жаққа.
Алтын күнде алшаң басып жүрген қыз,
Балалықтың аңсатарын ойлап па?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыбық алып барайыншы қой жаққа өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Шыбық алып барайыншы қой жаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыбық алып барайыншы қой жаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыбық алып барайыншы қой жаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері