Өлең, жыр, ақындар

Көңілдің жүгірісі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Зыр айналып тоқтамай,
Үмітке мініп жүр көңіл.
Қайдағы ойланып жоқтамай,
Қайтсін, таппақ қызыл гүл.

Я мақтамай, боқтамай,
Бәрін дос деп бекер жүр.
Жағын керіп оқтамай,
Алаңдықпен шекті өмір.

Кейде жалын, кейде шоқ,
Кейде ынтық, кейде жоқ.
Кейде жаяу, кейде атты,
Кейде баяу, кейде отты.

Кейде қайғы, кейде шат,
Кейде тұнық, кейде ылай.
Кейде қорқақ, кейде өжет,
Кейде тірі, кейде өлі.

Көңіл бүйтті тағдырсыз,
Тексере алмай бас қатты.
Өмір отты маздырсыз,
Көксей алмай жас ақты.

Қолды қағып тағдыр тұр,
Көңілге пәлен демейді.
Сорды бағып дағды құл
Маңайдан әлі кетпейді.

Көңіл, сенен тілегім –
Талапты ерттеп, қолды мін;
Үмітім мен жүрегім
Тартпасын сордың қорлығын!


Пікірлер (3)

Айзада

Тамаша

Амир Мырзахан

Ілияс атамның өлендері күштіғой

Альтаир

9 сыныптарға сәлем

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілдің жүгірісі өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Көңілдің жүгірісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көңілдің жүгірісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілдің жүгірісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері