Кәрібай шал

Бұл бетте «Кәрібай шал» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2424
Күн суық қыстың күні, даласы қар,
Жол оңап жүргізбейді тағы да тар.
Жүк салып арық атқа өлең айтып,
Келеді ыққа қарай Кәрібай шал.
Жүк тартып келе жатты Кәрібай шал,
Жалғыздың бейнет көрсе жоқ қой амал.
Жеткенде бір оқапқа қамытының
Шарт етті шұжығы үзіліп адыра қал.
«Үйімде аш, жалаңаш қатын-балам,
Тамақты еңбек қылмай қайдан табам.
Жүрмейді айдағанға жамандатқыр,
Қалаға кеш боп қалды қашан барам».
Кәрібай ілгерілеп алға басты,
Өзіндей шаруаға үлгі шашты.
Жұмысын коллективтің түрлендіріп,
Өзара социалдық жарыс ашты.
Төрт жылда орындады бес жылдықты,
Кәрібай жұмысына сондай мықты.
Астықтың ұлы қызу науқанында,
Кәрібай талайынан озып шықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәрібай шал өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Кәрібай шал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәрібай шал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәрібай шал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері