Мен - аспаншыл ақынмын! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Мен - аспаншыл ақынмын!» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 580
Көңілімде – үр-тамыз.
Ал, Көгімде – қаз әні.
Күрсіне берсін бұлт-абыз.
Жан-дүнием – жаз әлі!

Тамсандырды таңсәрім,
Қызыр демінен шөп терлеп.
Қиял ұзартты аңсарым,
Қия-құзға бөктерлеп.

Бесқасқам – бек серігім,
Қарсы да шабар қасқырға.
Желге айналар желігім,
Құлынжонның астында.

Арша жақтым,
Аластап,
Жылқыларды жындардан.
Ақылыма адаспақ –
– алқаракөк Түн қорған.

Мендей ешкім кезбеген
Таулар ішін,
Ай үшін!
«Өлең» деген Сөзбенен,
Жұпарладым Ой ішін.

Мен – аспаншыл Ақынмын.
Тәңір тілін түсінем.
Жұлдыз түртіп отырмын,
Құрығымның ұшымен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен - аспаншыл ақынмын! өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Мен - аспаншыл ақынмын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен - аспаншыл ақынмын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен - аспаншыл ақынмын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері