Айығып кетер ме екен?!

Бұл бетте «Айығып кетер ме екен?!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 705
Дәл қазiр
Жерiм де ауру,
Елiм де ауру.
Жерiм –
Ауру болмай қайтсiн?!–
Тұла бойы
Жара.
Елiм –
Ауру болмай қайтсiн?! –
Тұрған бойы
Нала.
Қыс-тәуiп келiп
Жерiмнiң жарасын –
Үш ай бойы! –
Ақ дәкемен
Таңып шығады.
Ай менен Күнiм –
Жыл он екi ай! –
Кезекпенен
Дерттi елiмдi
Бағып шығады.
Көктем мен жаз –
Жерiмдi –
Жасыл көрпемен
Жауып қояды.
Аспаным
Түнiмен елiмдi күзетiп –
Шырақтарын! –
Жағып қояды.
Бұлттарым –
Жаңбырын төгiп! –
Жерiмнiң жарасын
Жуып тұрғандай.
Соққан желдерiм –
Елiмдi торыған! –
Бәле-жаланы аластап
Қуып тұрғандай.
Айығып кетер ме екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айығып кетер ме екен?! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Айығып кетер ме екен?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айығып кетер ме екен?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айығып кетер ме екен?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері