Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең

Бұл бетте «Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Ертең көктем —
көз алдымда нұр аппақ,
көктем неткен қуатты-ақ.
«Көктем» деген сөзден түскен сәулеге
жүрегiмнiң өзi жатыр шуақтап!
Қасат көк мұз жатсын мейлi көлiмде
аяз қысып бу боп ұшсын дедiм де,
бүртiк болып,
тамшы болып,
нұр болып
көктем ертең тиiстiдей келуге!
Көктем деген сөзден бәрi желiккен.
Желiккендi деме бiрақ ерiккен...
Шуақ түсiп көктеп бара жатады
ақ қағазда домаланған әрiп те.
Омырауды айқара ашып тастадым —
көктеп келе жатты көктем дастаны.
Ертең ерiп кететiндей мұз-қарым,
ертең құсқа толатындай аспаным.
Ақырғы рет көз сап шаңғы,
шанаға
асығады қарт та,
жас та, бала да.
Ертең көктем келедi ғой қалаға,
ертең көктем келедi ғой далаға.
Көктем менi,
Мен көктемдi бiлемiн,
көктем құсап көктесе екен тiлегiм.
Ертең көктем —
деген сөзден
елжiреп
майдай ерiп бара жатыр жүрегiм!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыстың соңғы күнінде жазылған өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері