Полигон – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Полигон» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 3657
Гөй-гөйiн мен айта алмаймын көмейдiң,
Жан тiлегiн,
жүрек сөзiн жебейiн.
Полигондар,
полигондар көп әлi
жабылғанмен полигоны Семейдiң.
Сыпырылып қараңғылық түнегi,
орнағанмен елдiң ұлы тiлегi.
Полигонға айналды ғой бүгiнде
әр қазақтың,
бар қазақтың жүрегi.
Зомбылыққа шыдай алмай өр басым,
егiледi,
төгiледi жан жасым...
Арсыз жандар дәл жүректiң үстiне
жарып жатыр өтiрiктiң бомбасын.
Аузы қайта ашылды ғой жараның,
шыдай алмай өртенемiн
жанамын.
Әр қазақтың –
жүрегiнiң үстiне! –
жарып жатыр бомбаларын жаланың.
Ойлап едiк азаттықпен табыссақ,
кетемiз деп озбырлықтан алыстап!
Кете алмадық!
Жарылыстан сұмдық сол
арманыма қадалды ғой жарықшақ!
Қандай ауыр зомбылықтың салмағы,
тұла бойым қан қақсады,
зарлады.
Сол бiр сұмдық жарылыстан алапат
шайқалды ғой шаттығымның шаңырағы.
Неге керек сөздiң кеуек,
дүрмегi.
Рух керек дiндегi мен дiлдегi.
Теңселдi ғой жарылыстан сол сұмдық,
тiлегiмнiң аппақ сұлу дiңгегi.
Отқа оранды өлең-жырдай бағымыз,
бұлтқа оранды атқан жаңа таңымыз.
Сол бiр сұмдық жарылыстар демiнен
улануда қанымыз бен жанымыз.
Бiреу емес,
жүз де емес, –
баршаға! –
бүлiк салды,
әлек салды қаншама!..
Сол бiр сұмдық жарылыстар демiнен
Улануда,
улануда ой, сана.
Сыпырылып қараңғылық түнегi,
орнағанмен елдiң ұлы тiлегi! –
Полигонға айналды ғой, –
құдай-ай! –
ар-намысты бар қазақтың жүрегi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Полигон өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Полигон өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Полигон өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Полигон өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері