Лақалы

Бұл бетте «Лақалы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1329
Бақаның атын білсек те,
Білмейтін едік лақаны,
Лақалы деген бір ауыл,
А, құдай – мәтел, мақамы.
Балықтың лақа баласы,
Бармаған, сірә, Арқаға,
Жазылған аты бір кезде,
Қала да түспес картаға.
Қазағын қоштап, қызықтап,
Айтады аңыз Қазалы:
«Балыққа тойған бір орыс,
Разы болғасын жазады!»
Лақаны қойып, жайынға,
Бермейтін жолды бұрын да,
Советтік үлкен картаға,
Кірді екен қалай шынында?!
Лақалы даңқы кем емес,
Одақтық небір қаладан,
Кенттерді жолда қалдырып,
Жарқырап шыққан даладан!
Саудагер санар пайдасын,
Саумалап тиын – шақасын,
Су бойлап терін төккен ел
Нәпақа қылар лақасын!
Қалсаң да қазір картадан,
Орының бөлек Лақалы,
Жақсы атың жұртқа жайылсын,
Ұрпағың өсіп аталы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лақалы өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Лақалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лақалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лақалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері