Қызыл өлең

Бұл бетте «Қызыл өлең» атты Баянғали Әлімжанов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1913
Қызыл ғасыр құйыны,
Қызыл ғаскер шығарған,
Қызыл көзді қылышкер,
Қызыл сиса ту алған,
Қызыл гүлін жайнатып,
Қызыл қанмен суарған!
Қыздың қанын бұздырып,
Қызметіне тұрғызған,
Қызыл атқа мінгізіп,
Қызу жолға бұрғызған,
Қызықтырып әрнеге,
Қызбабасты қыздырған...
Қыздырманың қызыл сөз,
Қызырлы ойды бұқтырған,
Қыз-қыз қайнап, ұранын,
Қызылшадай жұқтырған,
Қызыл айға табынып,
Қызыл күнге тік тұрған.
Қызыл етін құланның,
Қызыл отқа қақтаған,
Қызыл заман зұлматы,
Қызыл қырғын ақтабан,
Қызыл қанды қызықтап,
Қызыл ақын мақтаған.
Қызығыңның артына,
Қызыл қазық қақтырған,
Қазыналы қартыңды,
Қызыл үйге жаптырған.
Қызыл қарын, жас бала,
Қызырына жат қылған!
Қымызыңды төктіріп,
Қызыл арақ жын шыққан,
Қызыл заңға бағынып,
Құзырында тұншыққан...
Қызыл уақыт – ол да өтіп,
Қызыл арай күн шыққан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл өлең өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қызыл өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қызыл өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері