Батырдың ескерткіші – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Батырдың ескерткіші» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1715
Сауын айтып алысқа да, жақынға,
Бәйге беріп балуанға да, ақынға,
Ұрпақтары қойды ескерткіш той жасап,
Бір ауылдың атасына,
Батырға!
Шыншылмын деп жұрт сынағыш бір замандас міншілдеу,
Бар міндеті – біткен істі кекеп, мұқап, күңкілдеу:
«Осы күні батыр деген кетті ғой тым көбейіп!
Мен білмейтін мынауың кім ?!» – дегенде,
Мүмкін емес күрсінбеу!
Ойдан құрап, ханнан сұрап алған атақ емес қой ол жасанды,
Ел мен жердің құрбаны боп, аңыз, батыр атанды,
Бір соғыста сен елемей тұрған бүгін белгісіздеу сол батыр,
Аман алып қалған шығар, бәлкім, сенің әулетіңді,
Атаңды!
Керек десең, бабалардың бәрі батыр жанын қиған ел үшін,
Одан асқан арыс та жоқ, арыстан жоқ бұл ғаламда мен үшін,
Арқасында аталардың бүгін ел боп, өсіп өркен, кеңейгені өрісің!
...Мырс-мырс күліп, мынау кім деп шүйірген,
Мұрыныңды бұзар ма еді сол үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батырдың ескерткіші өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Батырдың ескерткіші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батырдың ескерткіші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Батырдың ескерткіші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері