Қызық

Бұл бетте «Қызық» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1223
– Мұндай қызық көрмедiм,
Күлкiден сəл өлмедiм.
Келе жатыр көтерiп
Төрт түлiк өз төлдерiн.
Сырын сайтан бiле ме?
Құлын отыр
биеде.
Бұзау отыр
Сиырда.
Ал ботақан –
Түйеде.
Күлкiлi жай, өзi шын,
Қой арқалап
қозысын.
Лақ отыр
Ешкiде,
Бос келмейдi ешкiм де. –
Деген едiм, Демесiн
Бiлмей сенер-сенбесiн,
Аузын ашып таң болды,
Байқап тұрмын, дал болды.
Көбейдi оның күңкiлi,
– Айтқандарың күлкiлi,
Иə, саған өтiрiк
Айтасың, – деп бұртиды.
Арқалауды бiле ме,
Құлыншағын
Биелер.
Бұзауларын
Сиырлар,
Ботақанын
Түйелер.
– Əйтпесе өзiң, Демесiн,
Биыл «беске» келесiң,
Арқасына əжеңнiң
Неге мiне бересiң?
Сенi көрiп қалған ғой,
Өрiске олар барған ғой.
Өзiң құсап
«көтер» деп,
Жылап жатып алған ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызық өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қызық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері