Көрдім!

Бұл бетте «Көрдім!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 704
Әлi бодан кезiмде –
Менiң жерiме –
Ғылыми-техникалық революция
Басып кiрдi.
Жасылымды айтақыр етiп,
Құмымды күлдей бұрқыратып
Шашып кiрдi.
Бiздi көзiне де iлмей
Қойдың құмалағындай көрмей
Одыраңдап
Асып-тасып кiрдi.
Еппен кiрмей
Өртпен кiрдi.
Дертпен кiрдi.
Халқымды шетке
Ысырып тастап
Эшалон-эшалон болып
Қаптады.
Намысыма тидi,
Арымды таптады.
Өрiп кеткен қара темiрлер
Алып құбыжықтардың
Қаңқалары құсап
Арбаңдап жүрдi.
Келiмсек бәлелер
Жерiмнiң қойын-қонышын
Түгел тiнтiп
Жалмаңдап жүрдi.
Сол оңбағандардың
Маңқиған түйелерiмдi
Маңдайынан
Атқанын көрдiм ;
Аруларымның
Абыройын шашып
Жатқанын көрдiм.
Алтын iздеп
Молаларымды
Ашқанын көрдiм;
Әулие-әмбилерiмнiң
Сүйектерiн
Шашқанын көрдiм.
Шыдай алмастан
Елiм көтерiлген кезде –
Iнiне су кiрген суырдай боп! –
Сол сiлiмтiктердiң
Қашқанын көрдiм.
Көрдiм!
(Ақын Жаңа Өзен оқиғасын айтып отыр).


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрдім! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көрдім! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрдім! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрдім! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері