Кездік

Бұл бетте «Кездік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Сырласқандай тұңғиықпен, тереңмен
Бар айнала тыныштыққа бөленген.
Сол бiр сәтте күркiретiп аспанды
Реактивтi ұшақ өттi төбемнен.
Бұзғандай ол шетiм менен шебiмдi, –
Суық бiр леп шарпып өттi бетiмдi.
Бара жатты тiлiп ұшып көгiмдi
Аппақ ұшақ аппақ кездiк секiлдi.
Еңсенi ездi ауыр қара мұң шығып.
Көкiрегiм қарс айырылды күрсiнiп.
Тұла бойы тыжырынып, түршiгiп
Дүние тұр бiр уыс боп тұншығып.
Бұл өмiрде сор да көрдiк, бақ сездiк.
Қуанышты,
Қайғылы да шақ кездiк.
...Аспанымның аппақ майын ақтарып
Iреп сойып бара жатты Ақ Кездiк.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кездік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері