Дүниеде үшеу жүр

Бұл бетте «Дүниеде үшеу жүр» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Төлен Әбдiков, Дулат Исабеков, Ақселеу Сейдiмбековтерге

Дүниеде үшеу жүр.
Бiреуi
Өзiнiң iшiне кiрiп,
Бiреуi
Сөйлеген сайын күшiне кiрiп,
Бiреуi
Шайтанның түсiне кiрiп
Үшеу жүр.
Бiреуi жұртты
Өзiне магниттей тартып,
Бiреуi қыртты
От пен өрттей шарпып,
Бiреуi құтыртып
Қобызын тартып
Үшеу жүр.
Бiреуi шынардай,
Бiреуi қырандай,
Бiреуi ұрандай
Қалай тұрамын
Оларды құп алмай.
Уақыт-заман деген де
Аяқ пен қолға ғана емес
Сана мен тiлге түсетiн
Кiсен ғой.
Сол кiсен қиған сөздерден
Қан сорғалатқан
Үшеу ғой.
Ойлары өрттей
Үшеу бұл.
Үш рет қайталанатын
Ант пен серттей
Үшеу бұл.
Жердiң құнары
Елдiң құтындай
Үшеу бұл.
Рухтың ырысын қайнатқан
Ошақтың бұтындай
Үшеу бұл.
Дүниеде үшеу жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеде үшеу жүр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дүниеде үшеу жүр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеде үшеу жүр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниеде үшеу жүр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері