Құрық

Бұл бетте «Құрық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 723
Қара тасты тозаң ғып,
бiр-ақ ырғып кермеден,
жүрген небiр асаулық
күнге қарап кiсiнеп,
жарысатын желменен.
Ұшқанда кеп ағылып,
қамалды етер талқан қып,
жатқан онда тағылық,
тәкәппарлық, тарпандық.
Екi көзден жас парлап,
жол бермеген тасқынға...
Екпiнiнен үлгермей,
ұша алмастан қасқалдақ,
қалған тұяқ астында.
Кетер көздi қарып-ақ,
сол тәкәппар, тарпаңдық...
Жүрер жiгiт жанып-ақ,
тектi асаудың жалынан
бiр ұстауды арман ғып.
Қазақ, қазақ бола ма
жүйрiк көрiп жанбаса!
қазақ, қазақ бола ма
ауыздықтап асауды,
ерттеп мiнiп алмаса!
Кiм дәметпес үмiттен
белгiлi ғой бұл ұғым
Шыққан сонсоң жiгiттер
қолына алып құрығын.
Сол сұлулық сиқырлап,
шоқ тастаған жанына.
Сонан кейiн жан-жақтан
түсiп берген қиқулап
тектi асудың соңына.
Ұшқан асау шын қызған,
ырғып өтiп кермеден,
құйрықты бiр жұлдыздай,
аққан екен жерменен...
Айлакерлiк тығылып,
алдан шығып қайырған.
Ақырында құрығы
түскен iлiп мойыннан.
Асау сонда бұлқынып,
қарулы қол басқанда,
кiсiнеп кеп ұмтылып,
атылған ғой аспанға.
Бұғау салып тезiнен,
байлап, матап қинаған...
...Кеңiстiктiң өзiне
асаулығым симаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құрық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері