Күмән мен күдік басқан күн

Бұл бетте «Күмән мен күдік басқан күн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Бүгiн менi
От жағып
Құрта алмайтын,
Оқ атып тесе алмайтын,
Семсер сiлтеп
Жырта алмайтын
Күмән мен күдiк
Басып тұр.
Жаным жасып тұр!
Алатауымның шыңдары
Арық атанның
Өркешiндей боп
Құлап қалғандай.
Көлiм суалып,
Шалғыным
Қурап қалғандай.
Әлдекiмдер,
Жасыл жайлауымды
Түктi кiлемдей орап
Иықтарына сап –
Алып кеткендей.
Ормандарымның
Бұтақтарын турап,
Дiңгек-жiлiктерiн
Шағып кеткендей.
Аққуларымның ұясы,
Бұзылып жатқандай.
Аспанымның алқасы –
Тырналардың тiзбегi –
Быт-шыты шығып
Үзiлiп жатқандай.
Арманым мерт болып
Үмiтiм жанып кеткендей.
Көктегi күнiм тайып,
Айым ауып кеткендей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмән мен күдік басқан күн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күмән мен күдік басқан күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмән мен күдік басқан күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмән мен күдік басқан күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері