Жылқы

Бұл бетте «Жылқы» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2039
...Шүу, жануар, шап кәні!
Алауласын алдыңнан түнгі дала оттары.
Кекіліңе шыт байлап кетейін бір зымырап,
Көкжиектің төсінде жатыр менің құбылам.
Шомылсын бұл дүние көкірегімнің нұрына,
Ат үстінде маздаймын, ат үстінде жылынам.
Қара түнді қақ жарып, ақ ноқатқа айналып,
Қара жолдың үстінде будақ – будақ шаң қалып;
Мынау дала ұлына қалсын бір сәт таңданып.
Мимырттаған тірлікке біз мінәсіп болсақ та...
Қараөткелден өтейін арлы – берлі ойқастап,
Кетейін бұл ғаламға, кетейін бір ой тастап.
Сонан кейін ұмытып ез тірліктің күнәсін,
Толқып аққан теңіздей мүйіске артып құлашын...
Жыласыншы құба дүз...
Тарихы үшін жыласын!
Дүниенің жүрегі дүбіріңе ұласып,
(Анау мұңлы шайырлар жыр оқысын бір асыл!)
...Шүу, жануар! Шап кәні...
Жанарымнан сол шақта ып-ыстық жас жатты ағып!...

2005 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқы өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Жылқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері