Күз. Тоба – Мейірхан Ақдәулетұлы

Бұл бетте «Күз. Тоба» атты Мейірхан Ақдәулетұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1087
Ақты жұлдыз тас төбемнен «ағалап»,
Арашаға түспедім.
Салдақы түн сақ-сақ күлді табалап,
бармағымды тістедім.
- Жаз өт-ті! – деп жасыл бояу
жылайды –
мен қайтейін,сарғаяр.
Қарғағансып қараңғыны–Құдайды –
қалтыраған шам да – аяр.
«Туған екем – өлерімді білем мен,
таңды қарғап күн батар....
Сынық сәуле күтіп қайтем біреуден,
қай жанарды құрғатам?»
Ж-жа-алға-ансың-ң! – деп,Мәңгіліктің
жағасын
жұлқылап ем,қыңбады.
Жесір-өмір жұбатады баласын
жырым-жырым құндағы...
Мың ғасырлық Мәңгі ойынның мәні –
осы.
Бояуы,тек көнерген.
Ме-ен?
...сәбимін
сенімі мен дәмесі
өзінен Зор,
өлермен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз. Тоба өлеңінің авторы кім?

Мейірхан Ақдәулетұлы — осы өлеңнің авторы.

Күз. Тоба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз. Тоба өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз. Тоба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері