Бәйіт – Мейірхан Ақдәулетұлы

Бұл бетте «Бәйіт» атты Мейірхан Ақдәулетұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1422
Бір маңдайға соншама азап,
со-онша бақ
қалай сыймақ?
Дәл осылай сүймек кім?
...мұны айтуға лайықсыз, қор санап
Мен
Өлеңді тұншығуға үйреттім.
Дарындыға шын даритын кесел бұл –
есі адасты арманымның.
Емі – сен.
Күлліәлемдік Күйелештен есен Нұр,
Еш патшаға бұйырмаған Жеңіс, е-ең...
Мен өзіңе қол созуға қаймығам,
Саусақтарым айырар деп киеңнен –
Аллаға тән Қуаныш пен Қайғыдан
Жаратылған дертім – Өзің.
Сүйем мен...
деймін ылғи. Сене алмайсың сен бұған –
жүрегіңді тозақы өмір тонаған.
Менің дертім асқақ еді. Енді ұғам –
қуыршақтың қайдан жетсін қолы оған?!
...ең есуас,
ең бейкүнә Қиялдың
жерге амалсыз түсіп кеткен елесі,
бас шайқама!
Мен сен үшін ұялдым –
шын қуыршақ емеспісің сен осы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйіт өлеңінің авторы кім?

Мейірхан Ақдәулетұлы — осы өлеңнің авторы.

Бәйіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мейірхан Ақдәулетұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері