Әйел – Мейірхан Ақдәулетұлы

Бұл бетте «Әйел» атты Мейірхан Ақдәулетұлы жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1648
Ұлы суретшінің көрмедегі «Жалаңаш әйел» атты
картинасының жанында біреулер
ыржаңдасып тұр.
Мейлі...
Әлің жетсе,
жанарыңды ала қаш –
Әйел! Әйел...
Әйел тұттай жалаңаш!
Әйел емес,
күллі әлем тұр алдымда
күнәсі мен қасиеті аралас.
Әлде қатер,
Әлде ләззат,
Әлде мұң?
Жыр оқуға
жетпей қалды дәрменім,
Жүдемедім жалған сопы жүзденіп –
Күнәһарға құны тиын сәлденің:
– Шарап бар ма?
У қоссаң да,
құй бәрін,
Алты құрлық,
төрт мұхитты сыйладым! –
Арыстанның өзі-ақ едім...
Ал,мұны
Алаңғасар Сезім,саған қимадым.
Безеу бетін боятқандай қынамен,
Әсіреқызыл ұрғашыңа ұнап ем,
Әйел емес,
Қарсы алдымда қас қақпай
Қасиетті һәм күнәһәр тұр Әлем.
Жүрегімді жарар болды-ау жасын ән...
Әлем-Әйел!
Құзырыңа бас ұрам,
Қасиетіңді кие тұтып,
күнәңді
өз күнәмдай жанұшырып жасырам.
...Не жайсаңы ішімде өлді арманның!
Жалғыз мұң бар –
Жан біткеннен қалған мұң:
– Әйел! – десем,ән салатын Мылқаудың,
– Әлем! – десем, көзі соқыр...
Таңғалдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел өлеңінің авторы кім?

Мейірхан Ақдәулетұлы — осы өлеңнің авторы.

Әйел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері