Ұйқылының парқы не ояуменен
Бұл бетте «Ұйқылының парқы не ояуменен» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұйқылының парқы не ояуменен,
Өлі тәнге оны мен таяу дер ем.
Көзі ашықты ақ нұрлар аймаласа,
Ұйқы қоңыр қоршалар бояуменен.
Уақыт солай бәрін де көшіретін,
Басын қойса,
Қара жер төсіне түн.
Өлімменен өмірді алмастырып,
Тізіп келе жатыр ғой өшіретін.
Білер мынау ғаршының кім мөлшерін?
Тән – топырақ.
Қосады түн мен сені.
Жан дегенің – рухың – ұйықтамайды,
Өйткені ол – Аллаһтың бір бөлшегі.
Жосып кетіп жатады жосып келіп,
Бірін-бірі айыптап осып, періп.
Жан Жаратқан Иеге жол тартады,
Қара жерге денеңді қосып беріп.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі