Саттар Ерубаевты еске алу – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Саттар Ерубаевты еске алу» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Мәңгiлiк орын алып тұрсың көктен,
Жырларың жүректердi дүрсiлдеткен.
Мен саған мәрмәр тастан белгi қойдым,
Көкем-ай, жиырма үшiнде қыршын кеткен.
Арғы атамыз айтулы шешен едi,
Белгiсiз борышымның өтелерi.
Ағатай, талай жерде есiме алдым,
Құрдасты сүйегенде көкелерi.
Аспанда тұр есiмiң жарқыл қағып,
Қайта-қайта оқыдық, саңқылдадық,
Мен сапарға шығарда туған елден,
Сен оралдың ақ қаздай қаңқыл қағып.
Мазалады үнемi сұрақ мұңлы,
Дәуiр сенiң жырыңа құлақ түрдi.
Күлiп түскен суреттiң ар жағында,
Жиырма үш жасар жан көкем жылап тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саттар Ерубаевты еске алу өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Саттар Ерубаевты еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саттар Ерубаевты еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саттар Ерубаевты еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері