Құмға түскен ізіңді құлай сүйгем – Мейірхан Ақдәулетұлы

Бұл бетте «Құмға түскен ізіңді құлай сүйгем» атты Мейірхан Ақдәулетұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1178
Құмға түскен ізіңді құлай сүйгем...
Бір рет
Құпиясын ашып ап, құны кеткен құдірет!
Айға ғашық,
Ақымақ арыстанға ұсаған
сол сезімнен арылып,
қобыз тарттым құсадан —
Алақаным жайғанға
аламын деп мені емдеп,
Аспантекті асқақтық, кеткенің не төмендеп?
Қалғаның не төлежіп?
«қадіріңді біл» деп ем,
Қайсар,
Әппақ сәулемен қашап жазып түнге өлең,
Жусан мұңды «жұпар» деп,
Сағым қуып сарылып,
Ақыл-естен арылған Бақытты едім...
Бәрі ұмыт:
Көне жерді жайлаған
көп менменге ұсап қап,
Көз алдымда сен неге
сала бердің ұсақтап?
Күлесің де жылайсың,
алданасың, алдайсың,
сеніп тұрып, сенбейсің... —
күллі естіден аумайсың,
Табалатпай үмітті,
өкінішті жүгендеп,
Күттім іштей қаншама
«өз қадірін білер» деп...
Қалай саған табынып,
талпынбақшы енді өлең –
Құмға түскен ізіңнің құлы емес пе ем мен деген?!
Ақылды емес...
ақынмын —
көп дәметіп, аз алған,
жақ қарысып,
тіл семді тілеп шеккен жазамнан.
Жаным менің — дәруіш,
Дәрменім жоқ жырларға —
Құпиясы ашылған құдіретте құн бар ма?..
..Құлай сүйгем...
сол шөлден солатындай болдым-ау:
Жерге неге түскенсің?
Көкке созған қол мынау...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмға түскен ізіңді құлай сүйгем өлеңінің авторы кім?

Мейірхан Ақдәулетұлы — осы өлеңнің авторы.

Құмға түскен ізіңді құлай сүйгем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмға түскен ізіңді құлай сүйгем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мейірхан Ақдәулетұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмға түскен ізіңді құлай сүйгем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері