Панасыз үміт

Бұл бетте «Панасыз үміт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 673
Кiмдер қалай десе де
сiз де күйiп,
жанасыз.
...Дәл бүгiн мен көшеде
үмiт көрдiм панасыз.
Сол бiр үмiт безiп жүр
жан өзегiн талдырып...
Сол бiр үмiт кезiп жүр
қайыр сұрап,
қаңғырып!
Сол бiр үмiт наладан
жүдеп,
әбден жадаған, –
күдiк-иттер қабаған
қан жоса қып талаған.
Кiргiзбейдi, –
қарашы! –
Соқса да ажал дауылы –
қатыгездiк қаласы,
қатыгездiк ауылы!
Мұң-мұқтаждық қинаған
безедi үмiт ашынып, –
күнi бойы жинаған
тиындары шашылып.
Сол бiр үмiт,
сезiнем!
Алған жанын мұз етiп, –
Жас ағады көзiнен,
табанынан сыз өтiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Панасыз үміт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Панасыз үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Панасыз үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Панасыз үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері