Көңіл күйі

Бұл бетте «Көңіл күйі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 812
Білмедім –
Сол кезде шабыт кеп пе еді?
Әйтеуір
Далаға шығып ем
Бұлт астынан соққан жел
Мені ұршықтай иіріп
Аспанға алып кеткені.
Сол-сол екен
Қара бұлттардың
Жан-жақтан қамағанын-ай!
Сумаңдаған
Қып- қызыл найзағайлардың
Мені ортасына алып
Жүндей түтіп сабағанын-ай!
Жындай жұлқындым.
Құлдай бұлқындым.
Бірақ мен
Құлдық шынжырын
Үзе алмадым.
Жындай жұлқынып
Қара бұлт қамалын
Бұза алмадым.
... Ақырында мені
Жел көтерген
Қара бұлттар
Қара жартасқа соғып
Қалдырып кетті...
Сол кезде
Аспан асты күңреніп
Тау дегенің
Жаңғырып кетті.
Бейне бір
Өлең жоғалтқандай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл күйі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көңіл күйі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл күйі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл күйі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері