Торығу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Торығу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 557
Өлiп тұрамын,
Өлiп жатамын.
Елес сияқты
Өлiк-сұлбамын.
Арқырап-сарқырап жататын
Өзен ем,
Ендi бүгiн
Жылап ағатын жылғамын.
Жолдарым қырық жерден
Кесiлiп қалған.
Кеудем –
Ұн елейтiн електей!–
Шұрқ-шұрқ боп
Тесiлiп қалған.
Шұрқ-шұрқ денемнен
Қан ағып тұр.
(Бiреулер
Денесiнен қан ағып тұрса да
Жан бағып тұр).
Өзге емес
Өзiмдi өзiм
Жер қылып жатырмын.
Өзiмдi өзiм көмiп,
Өзiмдi өзiм
Өлтiрiп жатырмын.
Мен қазiр –
Айналамнан
Өрiп шыққан –
Өзiм сияқты
Көп өлiк көрем...
Заманның түрiнен қорқып
Өз кебiнiмдi өзiм тiгiп,
Өз табытымды өзiм
Көтерiп келем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торығу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Торығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері