Оянды қала – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Оянды қала» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1478
Әнін жазған Ғалым Есімбергенов

Таңғажайып таңғы қала?
Таңғы қала – сәнді қала,
Бар тіршілік қозғалыста,
Оянған жанды қала.
Бұл – арман қала,
Ән болған қала.

Қайырмасы:
Оянды қала арайлана,
Боянды нұрға бар айнала.
Таңданбайсың сен қалай ғана?
Көркіне қарай қала?

Оянды қала нұр айналып,
Жарым да менің шырайланып,
Құлпырды әлем мың айналып,
Бәрі де ұнай қалып.
Аяулы жан, ақылдасым,
Баға жетпес асыл басың,
Бар жақсының басындасың,
Қашанда қасымдасың.

Сен – іңкәрімсің,
Сен – сұңқарымсың.
Қандай ғажап ғашық болу,
Сыр пернесін басып көру.
Толқып тұрған сезіміңді
Тау суындай тасып-төгу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оянды қала өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Оянды қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оянды қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оянды қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері