Жолды жегені – елді жегені

Бұл бетте «Жолды жегені – елді жегені» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1642
«Алакөл! Алакөл!» деп елдің бәрі,
Аптыға құрақ ұшып келді бәрі.
Жолдарын көрген кезде ойқы-шойқы,
Келместей тұра қашар ендігәрі.
Айдынды Алакөлдің көлі қандай?
Көлімен мақтанады елі қандай?
Басына басшылардың тимейтұғын,
Оқалақ-шоқалақты жолы қандай?
Жол салу Алакөлге жөн деді де,
Өкімет мол қаражат бөлмеді ме?
Басшылар жергілікті жебір болып,
Тиісті дәрежеде жөндеді ме?
Керекті қиыршық тас, смала ма?
Төселіп өз орнымен сылана ма?
Басшылар жебірлікпен жұтып жатса,
Белгілі не жегені бір Аллаға.
Тасты да талғамастан үйіп жейтін,
Екен де жалмауыздар түйілмейтін.
Вагонды жүгіменен жұтса-дағы,
Түрі жоқ түйме ғұрлы бұйым дейтін.
Жоғарғы басшылары көрмейді ме?
Көрсе де, шындап көңіл бөлмейді ме?
Бір мезет дем алуға, ем алуға
Әлде олар Алакөлге келмейді ме?
Келсе олар, тікұшақпен келер болар,
Қалаған саяжайға енер болар.
Басқалар шулай берсін, тулай берсін,
Қызығын тек өздері көрер болар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолды жегені – елді жегені өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жолды жегені – елді жегені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолды жегені – елді жегені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолды жегені – елді жегені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері