Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн

Бұл бетте «Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 548
Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн.
Айтатұғын тiрлiктiң тар, кеңдiгiн,
жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн.
Дiр-дiр еттi ол сыбыр ма әлде, күбiр ме
жасын ойнап кеттi жасыл тiлiнде.
Көрдiм одан сиқыр сұлу өлеңдi
шық қондырып, күннiң нұрын сiмiрген.
Дегендей-ақ: өлер едiм, сөнер ем,
көрмегенде сен егер,
топырақ пен жаңбыр иiсi аңқыған
дәл алдымда сөйлеп тұрды сол өлең!
Сөйлеп тұрған тағдырлардың атынан,
сөйлеп тұрған жаңбырлардың атынан,
жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн
ұйқасы бар,
ырғағы бар,
оты бар!
Өлең көрдiм –
тұман менен самалдан,
қуаныш пен көз жасынан жаралған.
Туамын деп өртеп сенi,
жанды жеп
сол бiр өлең шақпақ тастай жарқ етiп
жапырақтан
жүрегiме қонды кеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жапырақтан өлең көрдiм мен бүгiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері