Өлең, жыр, ақындар

Әншіге

Өлеңге көңілің құмар, даусың жытар,
Созылтып ән мұржасы созсаң зытар.
Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге таңсық
Жылпыңдар жылы сөзді неге ұмытар?
Тамырды солқылдатып, ойды қозғап,
Жүректі тебірентіп, ішті жылытар.
Қайғылы, мұңды, өнерлі, шерлі жанға
Ой салар, ойын түртер, жыбыршытар.
Еліртер, екілентер, елжіретер,
Толғантар, толғақ салар, толықсытар;
Аспанға ащы даусың шырқап, қалқып,
Қоңырлап, көмей қайта аңыратар.
Зарлының екі көзін мөлдіретіп,
Болса да елжіретер бейлі шын тар;
Салған ән магниті тұрған көпті
Баладай тербеу жеңген бір тыншытар.



Пікірлер (2)

Балжан

Өте керемет айтылған

Аруна

Ілияс Жансүгіровтің Әншіге атты өлең керемет

Пікір қалдырыңыз

Жүдеу жүрек

  • 0
  • 0

Былапыт, Ылат,
Былжыр күз.
Түнжыр қабақ,
Қылжыр көз.

Толық

Қара бұлт

  • 0
  • 0

Дауылдың қуғынынан қалған бұлт!
Сен ғана ашық көкте жүрсің жылжып.
Сен ғана қайғы жауып көлеңке еткен
Сен ғана шаттық күнді кірбендеткен.

Толық

«Еңбекші қазақ»

  • 0
  • 0

«Еңбекші қазақ» он жасар
Октябрьдің ұлысың.
Октябрьдің әскері,
Партияның тілісін.

Толық