Менің музыкам – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Менің музыкам» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5102
Жақсы әндер —
Жалғандағы жан құмары,
Жай даусым
Әнге салсам, қарлығады.
Ал бірақ онда не тұр!
Жүрегімде —
Халықтың барлық күйі,
Барлық әні!
Тартылып,
бір күй бітсе,
жаңа бір күй,
Тәтті әуен
өз жанымнан табам ылғи.
Жанымның түкпірінде
тұратындай
Сызылтып скрипкасын Паганини.
Жүргендей
сол бір ғашық көктемімде
Толамын
Сағыныш боп жеткен үнге.
Сезімім —
симфония,
өн бойымда
ойнайды
өмір бойы
Бетховен де!
Ән маған,
мен әндерге бөтенмін бе?
Ән іздеп
алаңдаймын өтер күнге.
Білмеймін, неткен жанмын?
Көкірегімнен
Кетпейді сағынышы Шопеннің де!
Бірінің шыңы биік,
құзы төмен —
Қуансам,
құйылады қызық әуен.
Күресем қажырлы әннен
қайрат алып,
Жырлаймын
ішімдегі музыкамен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің музыкам өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Менің музыкам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің музыкам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің музыкам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері