Өкініш өлеңі – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Өкініш өлеңі» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 1
  • 8664
Ғашықтардың тіл ұшында не тұрар?
Тіл ұшында сүйгенінің аты бар.
Бір кездегі махаббатым түсті еске,
Сені көріп, қирап жатқан Отырар!
Кәусар сулы, гүлзар бақты, қорғанды
Менің де бір арман қалам болған-ды.
Жастық сәулет, салтанатпен кеудемде
Жасайтұғын сияқты еді ол мәңгі.
Бақшасында таза, көркем мың гүл бар,
Бейбіт өмір сүретұғын тұрғындар
Қала еді ол, арықтары – көгілдір,
Көшесінде ән салатын бұлбұлдар.
Тұратын ол ләззаттан, ырғақтан,
Қандай қызық назбен тәтті тіл қатқан.
Сол қаланың сәулеткері екі адам
Болды және сол екеуі қиратқан.
Онда бізге шапағатын төкті күн,
Әрбір гүлін отырғызып, көп күнім.
Өтіп еді, орны жатыр, кеудемде
Қиял — қала махаббатым жоқ бүгін.
Талай үйлер топырақ боп үйілді-ау.
Мүмкін емес уақытқа сыйынбау.
Қалаларды салу қиын, достарым,
Сақтап қалу одан дағы қиындау.
Махаббатсыз күндер легі салқын ә,
Махаббатсыз тумақ емес шалқыма.
Қирап қалған үй сияқты сезімдер
Келмейді емді, келмейді енді қалпына.
Сақтай алмай қалдық оны неге біз,
Неге алысқа апармады кемеміз.
Өзімізді жеңе алмасақ өзіміз,
Сырттан келген жауды қалай жеңеміз?
Тіршіліктің аязы бар, оты бар,
Түк түсінбей түрленеді тотылар.
Қирап жатқан жоқ па екен деп қорқам мен
Әр адамның ішінде бір Отырар.


Пікірлер (1)

Айзере

Рахмет көп

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініш өлеңі өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Өкініш өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініш өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініш өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері