Замандар заңы

Бұл бетте «Замандар заңы» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2269
Түркістан. Тұран. Бір кезде тұлғалы мекен,
Тұнығындай қайнардың мұңданып өтем.
Туған жерге деген бұл махаббатпен
Мың жыл бұрын біз неге тумадық екен?!
Топырлап шығып, төгілді сөз қанша мұнда?
Тұтанса сезім, шашырар көзден шоғың да.
Бөтен боп кете жаздаған ақбөкен ұрпақ
Табиғаттың кездесті тозған шағында.
Намысы қайсар қандастар, тілдері майда,
Айта алар кім бар армансыз жүргенін ойда?
Ұлы газалдар жазатын ұлы шайырлар жоқ.
Дадамыз — қорқыт. Даланың күйлері қайда?
Көңліміз таза бұйымдай аз-ақ ұсталған,
Өлтірмейтін адамды — ғажап ішкі арман.
Тағдырдың желі әкеткен өздеріңді іздеп,
Мың жылдан кейін келдік біз Қазақстаннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Замандар заңы өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Замандар заңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Замандар заңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Замандар заңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері