Алатау батырдың тұтқыннан қашып шығуы

Бұл бетте «Алатау батырдың тұтқыннан қашып шығуы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Алатау батыр
Шағын қолмен
Келе жатып –
Қапыда! –
Қызылбастардың
Қолына
Түсіп қалады.
Ашу мен ызадан
Жарылардай болып
Ісіп-қабады.
Батырды сонсоң
Қолдарын шандып,
Аяқтарына
Қойтастар байлап
Жардың қуысына
Қамап тастайды...
Алатау батыр
Ашуын басып
Жан-жағына
Зер салып
Қарап бастайды.
Қай жаққа қараса да, –
Қуыс аузынан басқа –
Құлама құз бенен
Өрді көреді.
Амалы бітіп,
Айласы таусылып
Отырған кезінде –
Өзінің Шолақ Жамбасы
Кісінеп белгі береді.
Шөп жеп,
Тезек тастайтын
Төрт аяқты
Сол жануар
Неткен жетелі...
Алатау батыр
Қолы байлаулы,
Аяқтағы қойтастарымен
Қабыландай атылып
Қуыс аузына
Бір-ақ келеді.
Бұл кезде
Шаршап-шалдыққан
Бірер күзетші
Қалғып тұр еді.
Алатау батыр
Көлденеңдеп кеп
Тұра қалған атына
Қарғып мінеді.
Текті жануар
Құйғытып
Тартып кетеді.
Абыр-сабырда
Жармасқан біреулерді
Болат тұяқтарымен
Омыраулап
Тарпып кетеді.
Сол кезде алдынан
Апанды жыра
Шыға келеді.
Айдан анық болатын
Алатау батырдың
Мойыны үзіліп
Құлап өлері.
Апыр-ай,
Неткен қуат,
Неткен күш еді?! –
Қайран жануар
Керіле созылып
Апанды жыраның
Арғы бетіне
Топ ете түседі.
Жаудың сарбаздары
Садақтарына жармасып
Атпақ болғанда,
Бас сардар
Оларға
“Атпаңдар” – дейді, –
Жолынан
Қақпаңдар – дейді –
Мұндай батыры бар
Бұл елді біз
Ала алмаймыз.
Ала алсақ та
Ұзаққа бара алмаймыз”.
...Алатау батырдың
Жанкештілік көрсетіп
Қашқанының өзінен
Бас сардардың
Бойына үрей кіріп,
Жүрегі тайқыпты...
Атының басын бұрып
Еліне қайтыпты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау батырдың тұтқыннан қашып шығуы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алатау батырдың тұтқыннан қашып шығуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау батырдың тұтқыннан қашып шығуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау батырдың тұтқыннан қашып шығуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері