Сенбей тұрам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сенбей тұрам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Сенбей тұрам,
Ешкімге де сенбеймін.
Скептик деп кінәләсаң сен, мейлің.
Кіршігі жоқ сәби көңіл менде де
Кең даламдай болатұғын кең пейілім.
Опасыздық көріп бақтым өмірде
Сары аязда қарылғандай темірге.
Сенгіштіктен сергелдеңге сан түскем,
Қайтпек күдік ұяламай көңілге.
Адам алуан түрлілігін сонда ұққам.
Секемшіл де, күмәншілмін сондықтан.
Шорт үзіліп аңқаулықтың арқаны,
Үміт сағы сынып, күдік орныққан.
Ілгері әман
Жетелеп жеткіздің
Тәнтімін,
Әттең
Қандай құзырмен
Кәрі құлдырап,
Түсті бағаң?
Бақыт та нәсіп,
Аспан да ашық.
Шуылдақ басып...
Асылың жасық
Болды,
маңайың
Баяғы машық:
Гу-гу сөз, айтыс,
«Иә-ау бұл қай тұс?
Ол түс та бұл түс...»
Өзендей тасып,
Қара боп әппақ
Ақ болды қара.
Қарғалар қаптап,
Айнала — нала.
Кешегі сара жол
Қайда?
Қара!
Дал болды сана,
Бұған не шара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенбей тұрам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сенбей тұрам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенбей тұрам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенбей тұрам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері