Алатаудың алыбы

Бұл бетте «Алатаудың алыбы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1713
Атыңнан айналайын,
Атақты Жамбыл едің.
Айдын көл айнадайын
Ағылған ән-жыр едің.
Атыңнан айналайын,
Алатау алыбы едің.
Айдын көл айнадайын,
Жырыңа қанық елің.
Таршылық тар заманда
Тарығып туған едің.
Жалшылық қармағанда,
Жыр жолын қүған едің.
Қорғаған ел тірлігін
Жырладың батырлықты.
Сақтаған ел бірлігін
Жырладың татулықты.
Қаһарлы зор үніңмен
Жаңғыртып бар өңірді,
Қуатты мол жырыңмен
Қарсы алдың жаңа өмірді.
Қайтадан қанаттанды
Ойларың оралымды.
Құлшына мадақтадың
Ордалы Одағыңды.
Елге жау кеп тигенде,
Жапыра жерді көктеп,
Жырларың от тигендей,
Жарылды зеңбірек боп.
Дабылды жылдарыңмен
Рухың көтерілді.
Жалынды жырларыңмен
Жалғадың екі өмірді.
Барынша бөлеп әнге
Ардақты азаматын,
Таныттың кең әлемге
Қадірлі қазақ атын.
Өміршең өлеңдерің
Өткір бір алмас сынды.
Өскелең өрендерің
Жырыңды жалғастырды.
Сәулесін шашып алға,
Жұлдызың жана бермек.
Ғасырдан ғасырларға
Жырларың бара бермек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатаудың алыбы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алатаудың алыбы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатаудың алыбы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатаудың алыбы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері