Алғашында албырт оймен адастым – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Алғашында албырт оймен адастым» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алғашында албырт оймен адастым,
Қиялыммен қолтықтасып таң астым.
Қол бұлғамай кете берді келмеске,
Уақыт мешкей жеп бітірген қалаш-күн.
Иек артқан шақтарым-ай елеске,
Мен де өшетін секілді едім ол өшсе.
Бар мен жоғым, мұз бен шоғым сыналар,
Қамкөңілім кешіп, көшіп сел өтсе.
Біріміз жаз, екіншіміз қыс сынды,
Жаздан жаның неге сонша ышқынды?!
Ұмытқан соң бірге ұшқан құс-күнді,
Соның бәрі түнде көрген түс сынды.
Болдым деме сол сәттерден сан ығыр,
Тілектестің Тәңірі бір, таңы бір.
Бүгін нүкте.
Ертең күтпе келер деп,
Әйтеу бір күн мені іздейсің бәрібір.
Енді маған бәрібір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғашында албырт оймен адастым өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Алғашында албырт оймен адастым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғашында албырт оймен адастым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғашында албырт оймен адастым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері